• Байланыс
  • Call center
    3260
    Capital USD

    CAPITALUSD

    CAPITAL өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасында өмірді жинақтаушы сақтандыру және банк депозитінің артықшылықтары үйлесім табады. Сіздің ұзақ мерзімді болашақта ақшаны жинау мүмкіндігіңіз бар: өзіңіз үшін, жақындарыңыз үшін, өз балаларыңыз үшін.

    2%+10%-ға дейін

    Бағдарламаның пайдалары

    Бағдарламаның пайдалары
    • 10% - салық жеңілдігі*
    • Табыстылықтың кепілдік берілген мөлшерлемесі – 2%-ға дейін.
    • Заң артықшылықтар
    • COVID-19-бен байланысты, шектеулердің болмауы
    • Төлемдерге салық салынбайды
    • Мұрагерліктің түсінікті рәсімі (клиент мұрагерді өздігінен таңдайды)

    *Жинақтаушы сақтандыру шартын жасаған кезде табыс салығының сомасын азайту құқығы. Салық жеңілдігі жыл сайын 320 АЕК-ден аспайтын сомаға қолданылады (2022 жылы ең көп салық жеңілдігі 980 160 теңгені құрайды)

    Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

    Сіз сақтандыру жарналарының мөлшерін немесе жоспарланатын жинақтардың мөлшерін таңдай отырып

    Сіз сақтандыру жарналарының мөлшерін немесе жоспарланатын жинақтардың мөлшерін таңдай отырып,сақтандыру шартын жасайсыз.

    Сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін

    Сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін шарт күшіне енеді.

    Сіз шарт жасайсыз

    Сіз шарт жасайсыз. Nomad Life сақтандыру қорғауын қамтамасыз етеді, кепілдік берілген мөлшерлеме бойынша инвестициялық табысты есептейді.

    Сақтандыру жағдайы орын алған кезде

    Сақтандыру жағдайы орын алған кезде Nomad Life Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

    Бағдарламала параметрлері

    ПараметрСипаттама
    Сақтанушы (Клиент) Сақтандыру шартын жасаған, 18 жастан бастап жеке тұлға
    Сақтандырылған адам Денсаулығымен қауіпті проблемалары жоқ, 18 – 65 жас аралығындағы жеке тұлға
    Полис валютасы АҚШ доллары
    Сақтандыру жағдайы Компания ол басталған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын оқиға
    Сақтандыру мерзімі 3 жылдан 15 жылға дейін, бірақ Сіздің жасыңыз шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу сәтіне 65 жастан аспауы тиіс.
    Толтыру кезеңділігі Айына бір рет, тоқсанда бір рет, жарты жылда бір рет, жылына бір рет
    Сақтандыру сомасы Сақтандыру жағдайы кезінде сақтандыру шарты бойынша төлемнің ең көп мөлшері
    Сақтандыру сомасының төлемі Бір жолғы
    Пайда алушы Бенефициар немесе сақтандыру төлемін алушы
    Төлем қашан жүзеге асырылады?

    Төлем қашан жүзеге асырылады?

    Қайтыс болу

    Шарт мерзімінің аяқталуы

    Қосымша сақтандыру қорғауы

    Қосымша өтелімдерЖыл сайынғы сақтандыру жарнасыЖыл сайынғы сақтандыру сомасы, (сақтандыру сомасынан %-бен төлемдер)
    Кез-келген себеп бойынша 1, 2 топтағы немесе сақтандыру сомасынан сәйкесінше 100,80 не 50% төлеммен жазатайым оқиға нәтижесінде 3 топтағы мүгедектікті белгілеу

    18 USD

    54 USD

    72 USD

    3 000 USD

    9 000 USD

    12 000 USD

    Жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушының еңбекке уақытша қабілетсіздігі жағдайында 7-ші күннен бастап 30-шы күнге дейін еңбекке қабілетсіздіктің әрбір күні үшін төлемдер

    12 USD

    24 USD

    36 USD

    3 300 USD (күніне 12 USD)

    6 600 USD (күніне 24 USD )

    9 900 USD (күніне 36 USD)

    Жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушы жарақат алған жағдайда Дене жарақаттары бойынша төлемдер кестесіне сәйкес төлемдер

    20 USD

    60 USD

    80 USD

    3 000 USD

    9 000 USD

    12 000 USD

    Жазатайым оқиға нәтижесінде Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда қосымша сақтандыру сомасын төлеу

    8 USD

    24 USD

    32 USD

    3 000 USD

    9 000 USD

    12 000 USD

     

    Жинақтаушы сақтандыру бойынша салық жеңілдіктері

    Жинақтаушы сақтандыру бойынша салық жеңілдіктері

    • Шартты бұзу кезінде төленетін, сатып алу сомаларына салық салудан босату;
    • Өзіңіздің пайдаңызға, жұбайыңыздың/зайыбыңыздың немесе жақын туыстың пайдасына жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне салық салудан босату*;
    • 3 жыл және одан артық мерзімге жасалған, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленген, сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне тең сомаға табысқа салық салудан босату (жылына 320 АЕК аспайтын)

    *Салық салу сақтанушы үшін жақын туыс, жұбайы/зайыбы болып табылмайтын, үшінші тұлғалардың пайдасына шарт жасалған кезде жоғарыда айтылғаннан ерекшеленуі мүмкін

    Заңдық қорғау

    Заңдық қорғау

    • Жинақталған қаражаттың және жүргізілген жарналардың мөлшері, сондай-ақ шарттың өзге талаптары туралы мәліметтер сақтандыру құпиясын құрайды және жариялануға жатпайды.
    • Шарттың қолданылу кезеңінде:
      • Клиенттің қаражатына тыйым салу жатпайды;
      • Жинақтар мүліктік даулар кезінде үшінші тұлғалардың наразылықтарынан қорғалған;
      • Төлемақы алушыларды және мерзімін клиент қана тағайындайды; салынған қаражатты декларациялау міндеті заңмен қарастырылмаған.

    Төлемдерді есептеу калькуляторы

    USD
    20 000
    22 337
    10% - 200
    2 337
    Төлемдер есебінің кестесі
    *салық жеңілдіктері - сақтандыру жарналарынан 10%, бірақ жылына 320 АЕК артық емес

    Жүктеу үшін құжаттар